Белгілі тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде марқұм жұбайына арнаған жүрекжарды жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz.
«Өмірге деген көзқарасым, жоспарым түгел өзгерді. Ендігі мақсат – екі ұлды адам қылып, жеткізу», – деп жазды ол.
Журналист жұбайы кеткеннен кейін көңілі күпті екенін жеткізді.
“Енді көрсетпеймін, жазбаймын, айтпаймын деген уәдем жыл сайын 6 қарашада бұзылады…», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.



