Мәдениет
Жұлдыз Әбдікәрімова белгісіз дертке шалдыққанын хабарлады
Фото: инстаграм
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығының сыр бергенін айтып, сот процессінің созылуы денсаулығына кері әсер еткенін жеткізді, деп жазады qandastar.kz
«2024 жылы жаз айы бойы ауруханада көз ашпадым. Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ сырқаты мен сот процесі қатар келіп, жұмыстан өз еркімен кеткенін де айтып берді.
«Былтырғы сот процесі қажытып, жұмыстан өз еркіммен кеттім. Күйзелісте жүріп, эфирге шыға алмадым. Көрерменді алдай алмайсың. Екі ұлым менің жағдайыма алаңдап, студияға келіп отыратын. Сол үшін де жұмыстан шығуға тура келді. Соңғы кезде ғана сот процесін ашық жаза бастадым. Оның екі себебі бар: Бірі, мен айдан анық істе жеңіліс табамын деп ойлаған жоқпын. Екіншісі, онсызда әбден шаршаған балаларымның көңіліне қаяу салғым келмеді», – деп жазды киножұлдыз