Жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа сапарға дайындалып жатыр

Актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова көптен бері барғысы келген елге виза алғанын айтып, қуанышын желідегі жазбасында бөлісті, деп хабарлады qandastar.kz.

Ол бұл жаңалықты ерекше көңіл-күймен қабылдағанын айтып, виза алу процесі өзіне шабыт сыйлағанын жеткізді.

Желі қолданушылары жұлдыздың АҚШ-қа жол тартпақ екенін болжағанымен, актрисаның бұл елге он жылдық визасы бұрыннан бар екені белгілі болды.

«Мұхиттан асып, жалғыз қалай барамын?» — деп жазды ол әзіл-шыны аралас Stories-те.

Кейінірек Әбдікәрімова виза алған елдің Күншығыс елі екенін, яғни Жапонияға баруға дайындалып жүргенін айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button