ӘдебиетЖаңалықтарМәдениетШоу бизнес

«Жұлдыздардың жаны жұтаң, олар ұлтқа тірек емес: Ұларбек Дәлей қоғамға ояну керектігін айтты

Белгілі жазушы Ұларбек Дәлей қазақ қоғамының қазіргі ахуалына қатысты өз ойын білдіріп, ұлт болашағына төнген қауіптерге назар аударды, деп жазады qandastar.kz

Дәлейдің пікірінше, қазіргі кезеңде геосаяси тұрақсыздық, экономикалық әлсіздік, рухани құндылықтардың құлдырауы және тіл мәселесі — ұлттың тұтастығына әсер ететін негізгі сын-қатерлердің бірі.

“Қоғамның салғырттығы – ертеңгі ұрпаққа бітпес дерт, шешілмес проблема болып қайтады. Сол кезде өкінгеннен пайда жоқ”, – дейді жазушы.

Ол сондай-ақ шоу-бизнес өкілдеріне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, көпшілікке танымал тұлғалардың басым бөлігі рухани тереңдіктен алыс, жан дүниесі жұтаң, ұлттық намыс мәселесіне немқұрайлы қарайды.

“Жұлдыз атанып жүрген талай адамның ішкі әлемі жұтаң, рухани санасы әлсіз. Олардан ұлтқа тірек болатын өзгеріс күту бекер”, – деп атап өтті Дәлей.

Жазушы қоғамды жауапкершілікке, сергектікке шақырды.

“Қазақ қоғамы есін жинап, өз тағдыры үшін өзі жауапты екенін түсінетін уақыт келді”, – деді ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button