TikTok-та белсенді мұғалім Азамат Сәмбетқұловтың жұма намазға шақырған видеосы қызу талқыланып жатыр, деп жазады qandastar.kz.
Бейнежазбада ол мешіттің адам тәрбиесіндегі орнын ерекше атап, «рухани тазалық пен нағыз патриотизм мешіттен басталады» деп мәлімдеген.
«Мешіттер – жан мен рухты тазартып, адамды ізгілікке тәрбиелейтін орын. Сондықтан жұма намаздан қалмаңыздар», – дейді ұстаз.
Көпшілік оның сөзін екі түрлі қабылдады. Бірі – «жастарға жақсы бағыт көрсетіп отыр» десе, енді бірі – «мұндай үндеу зайырлы мектеп мұғаліміне жараспайды» деп сын айтты.
Еске салайық, Қазақстан – зайырлы мемлекет, яғни мемлекеттік білім беру жүйесінде діни насихат жүргізуге тыйым салынған.
Сондықтан ұстаздың бұл әрекеті көпшілік арасында «білім мен діннің ара жігі қайда?» деген сұрақты қайта көтерді.