Жаңалықтар

Жұмыс берушінің рөлін арттыру тақырыбында халықаралық форум өтті

Фото: жеке қорынан

Алматыда жұмыс берушінің рөлін арттыру тақырыбында халықаралық форум өтті, деп жазады qandastar.kz.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (МИТУ) базасында «Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларының сапа көрсеткіші ретінде кәсіби дайындықта жұмыс берушінің рөлін арттыру» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға жетекші кәсіпорындардың жұмыс берушілері, МИТУ басшылығы, сондай-ақ Түркия, Қытай, Корея, Ресей және Қырғызстан университеттерінің өкілдері қатысты.

МИТУ ректоры, қауымдастырылған профессор Г.А. Сарсенбекова өз сөзінде университеттің жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынасы білім беру  бағдарламаларының сапасын және студенттердің практикалық дайындығын арттыру үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол форум инновациялық технологияларды, микробіліктіліктерді енгізу және кәсіби дайындықты күшейту бойынша жаңа шешімдерді іздеуде тиімді алаң болғанына тоқталды.

Пленарлық отырыста тақырыпқа орай кең ауқымдағы маңызды мәселелер қамтылды. Атап айтсақ, Huatec Information Technology Co., Ltd. (Қытай) халықаралық білім беру жоспарлау бөлімінің директоры Тони Сан «Білім беруді реформалау мен біліктілікті арттырудағы көшбасшылық: инновациялық тәжірибелер мен білім беру тұжырымдамалары» атты баяндамасында білім беруге инновациялық көзқарастар туралы айтты. Ал, «Атамекен» ҰКП шағын кәсіпкерлікті дамыту және халықаралық ынтымақтастық бойынша даму жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы Төребекова Жанар Мейрамқызы «Еңбек нарығын қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімдеудегі шағын және орта бизнестің рөлі» тақырыбында университеттер мен бизнес ынтымақтастығының қажеттілігін атап өтті.

«Академсеть» ЖШС бас директоры Такабаев Тахир Маратович «ҚР университеттеріндегі IT-арнайы мамандықтардың өндірістік-тәжірибелік базасын дамыту» жөнінде сөйлеп, IT-бағыттарды дамытудағы табысты тәжірибелерімен бөлісті. Сүлейман Демирел университетінің (Түркия) сыртқы байланыстар департаментінің басшысы доктор Ибрагим Кубилай «Университет білім беру, ғылым мен өнеркәсіпті біріктіруші көпір ретінде» атты баяндамасында әртүрлі салаларды біріктіруде университеттердің маңыздылығына тоқталды. Global Korea Center директоры Хан Джин Сон «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне арналған экожүйе құру және цифрлық индустрияны дамыту» жайында ой қортып, МИТУ-мен озық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық серіктестік туралы айтып берді.

Форумның маңызды оқиғасы МИТУ мен бірқатар жетекші компаниялар, оның ішінде «Ақсай нан-тоқаш комбинаты» ЖШС, «Goji» ЖШС, «IFC COLOC» ЖШС, «Алматыэнергосбыт» ЖШС, «Byte Machine» ЖШС және басқа да ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою болды. Келісімдер білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуді, дуальды оқыту жобаларын жүзеге асыруды және студенттердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметке қатысуын көздейді.

Форумның екінші бөлігінде кадрларды даярлау бағыттары бойынша панельдік сессиялар өтті. Онда «Биохимиялық инженерия» — «Экосервис» ЖШС, «Goji» ЖШС, «ЛОТТЕ Рахат» АҚ және басқа да ұйымдармен серіктестік, «Экономика және бизнес» — «Kaspi Bank» АҚ, «АССА Global Limited» ЖШС және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық, «Бағдарламалық инженерия» — Қазақстан блокчейн-технологиялар қауымдастығымен және «MaxImagine» ЖШС-мен өзара әрекеттесу, «Азық-түлік өндірістерінің техникасы мен технологиялары» — «Ақсай нан-тоқаш комбинаты» ЖШС және «Шин-Лайн» ЖШС-мен серіктестік жайы қамтылып, нақты келісімдер жасылды.

Сессиялар барысында теория мен практиканы біріктіру, микробіліктіліктерді енгізу және білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу мәселелері талқыланды. Форум нәтижесінде өсімдіктерді қорғау саласындағы мамандануларды қоса алғанда, жеке оқыту траекторияларын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ жұмыс беруші кәсіпорындар ғылыми тағылымдамалар мен өндірістік практиканы өткізуге ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін білдірді. Жұмыс берушілермен бірлесіп онлайн оқытуды енгізу жобалары жоспарланды.

Форумның практикалық бөлімі робототехникалық жүйелер көрмесін және студенттер әзірлеген сүт өнімдерін дегустациялауды қамтыды. Форум білім беру, ғылым және бизнес интеграциясының сұранысқа ие мамандарды даярлаудағы маңыздылығын растады және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close