
Қарағанды облысының әкімдігі спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасарының жұмыстан кеткенін хабарлады, деп жазады qandastar.kz порталы.
«Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», — делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Сәпиев өзінің орынбасарымен жұдырықтасқаны туралы хабарланған еді.
Өз кезегінде Сәпиев жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмағанын мәлімдеді.


