Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында ер адам алаяқтың арбауына түсіп, қомақты қаражатынан айырылып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті 40 жастағы ер адамды «қызметке тұрғызамын», деп 9 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен. Қаражатты қалтаға басқан соң алаяқ зардап шеккен адаммен байланысқа шықпай қойған.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша 19 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша қылмыстық эпизодтар анықталып жатыр, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары сақ болуға және жұмысқа орналастыру, қызмету көрсету секілді мәселені шешу сылтауымен бейтаныс жандарға қаражат бермеу керектігін ескертеді. Күмән тудырған жағдайда бірден полицияға хабарласу керек.



