Шоу бизнес

«Жұптасып ән айтқан әншілермен «шіли» жақындаспау керек»: Мақпал Жүнісова өнер адамдарына кеңес берді

Соңғы кезде қазақстандық шоу-бизнесте болып жатқан таусылмайтын өсек пен жеке мәселелердің шуынан кейін әнші Мақпал Жүнісова әріптестеріне кеңес берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әншінің айтуынша, ол ешқашан сахнадағы қарым-қатынасты жеке өмірімен араластырмайды.

«Мен сахнада бір адаммен ән айтқаннан кейін ол адаммен әрі қарай жақын араласып, дос болмаймын, үйге шайға да шақырмаймын», – деді әнші.

Оның сөзінше, дуэт болып ән айтатын әріптестермен шамадан тыс жақындасудың қажеті жоқ.

«Жұптасып ән айтқан әншілермен «шіли» жақын араласпау керек. Тек сахнада бірге өнер көрсетіп, ал өмірде арақашықтықты сақтау маңызды. Егер қайта-қайта кездесіп, үйге шақырып, араласа берсең, ол шынайы махаббатқа ұласып кетуі мүмкін. Өйткені біз тірі жанбыз, пендеміз, әсіресе өнер адамдары сезімге тез беріледі.

Мен қанша әріптес жігіттермен дуэт айтып жүрсем де, оларды үйіме шайға шақырмаймын, жақын араласпаймын. Сахнада образға берілуім мүмкін, ал өмірде ондай қарым-қатынасқа бармаймын. Өйткені өз-өзіме жауап бере алмай қалуым мүмкін», – деп ойын күлкімен аяқтады әнші.

@uiat.emes♬ оригинальный звук — Uyat_emes

Ұқсас Мақалалар

Back to top button