ЖаңалықтарШоу бизнес

«Жүректі айныттыңдар»: Дәурен Айдарқұловтың Тұрсынбекпен бірге түскен суреті елге жақпай қалды

Актер Дәурен Айдарқұловтың Threads әлеуметтік желісіндегі әріптесі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреті желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп жазады qandastar.kz сайты.

Актер постта:

«Ақыл ағадан, ілтипат ініден», – деп жазған.

Алайда бұл жазба көпшіліктің көңілінен шықпай, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қолданушылар сын мен наразылыққа толы пікірлерін жарыса қалдырды.

«Тредсті өшірші, өтініш», «Әдейі істеп отырған сияқты», «Айқын жетіспей тұр», «Осыған өзгенің назары жетіспей ме?», «Өзін-өзі мысқылдау шегі шарықтап кеткен», – деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар, кейбір оқырмандар олардың жеке өміріне қатысты да пікір білдірген.

«Дәл осы ағаң ақыл айтпай-ақ қойсын», «Екі клоун», «Енді үш әйеліңмен бірге суретке түсіп көр», «Ақыл сұрайтын адамды тауыпсың», «Бишаралар», «Жүректі айныттыңдар», – деген пікірлер де жазылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button