
Фото: инстаграм
Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау көлік жүргізіп жүрген сәтін әлеуметтік желіде жариялап, жұрт назарын өзіне аударды, деп жазды qandastar.kz
Ол жақында өзінің TikTok парақшасында Hyundai PALISADE маркалы көліктің тізгінінде отырған бейнежазбасын бөліскен. Бұған дейін Алау көлік жанында тұрған суретін жариялаған болатын. Суретте көліктің кілтін ұстап тұрған бойжеткеннің отбасындағы жаңа темір тұлпарды иеленгені байқалды. Аталған көліктің нарықтағы бағасы шамамен 33 миллион теңгеден басталады.
Желі қолданушылары бұл жазбадан кейін түрлі пікір қалдырды. Көпшілік Алаудың жасына байланысты күмән келтіріп, «Ол әлі кәмелетке толмаған емес пе?», «Жүргізуші куәлігі бар ма екен?», «Мұндайға заңмен тыйым салынуы керек» деген мазмұндағы пікірлерін жарыса жазды.



