Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін беру үшін азаматтардан ақша алған ХҚКО қызметкерлері сотталды

Фото: istockphoto.com

Өскемен қаласының №2 сотында мамандандырылған ХҚКО басшысы мен екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлімінің басшысы өзінің екі қызметкерінің көмегімен өткен жылдың ақпан-қазан айларының аралығында азаматтардан жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсырған кезде көмек көрсеткені үшін ақша алған. Ақшаның жалпы сомасы 34 960 500 теңгені құрады, деп хабарлайды  qandastar.kz  turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушылар жасаған қылмысын мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді. Мемлекеттік айыптаушымен кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасады.

Сот үкімімен Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы кінәлі деп танылып, 1 725 000 теңге айыппұл салынды. Мемлекеттік және коммерциялық емес мекемелерде лауазымды қызметтер атқару құқығынан бір жылға айырылды. Бір қызметкеріне де осындай жаза тағайындалған. Екіншісі мемлекеттік және коммерциялық емес мекемелерде лауазымды қызметтер атқару құқығынан үш жылға айырылды. Оның қылмыстық жолмен тапқан ақшаға сатып алған пәтері тәркіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close