Танымал журналист Тимур Асылханов Қорғаныс министрлігінің «қара тізіміне» енгізілгенін жазды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Гвардейск әскери қалашығы «Отардағы» моншадағы жұмыс істемейтін душтар туралы бейнежазбамнан кейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мені қара тізімге енгізді.
Мен таң қалдым. Олар біздің армиямызға жасаған барлық пиарым үшін алғыс айтуы керек, бірақ олар маған әскери бөлімдерге баруға тыйым салды», — деп жазды ол.
Журналистің айтуынша, министрлік тарапынан ешқашан қаржыландырылмаған.
«Мен бос уақытымда, жеке демалыс күндерімде әскери бөлімдерді видеоға түсірдім және түсіруді жалғастырудамын», — деп жазды ол.



