Жаңалықтар

Журналист мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты сынады

Журналист Бауыржан Мұқанов шетелдіктер мен мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар арасындағы айырмашылыққа назар аударды. Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы. 

Журналистің айтуынша, Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер қазақ тілі, Қазақстан тарихы және Конституция негіздері бойынша тест тапсыруға міндетті, әрі әр пәннен кемінде 50 пайыз нәтиже көрсетуі керек.

Ал мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қазақ тілінен тест тапсыру міндетті болғанымен, онда ең төменгі өту балы мүлде қарастырылмаған.

«Яғни, 100 пайыз қате жауап берсең де, тесттен өткен болып санала бересің. Себебі талап — балл жинау емес, тестке қатысу ғана. Ал басқа пәндер бойынша міндетті түрде минимум балл бар», – деп жазады Бауыржан Мұқанов.

Оның пікірінше, мұндай норманы бекіткен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де, сондай талаппен тест тапсырып, бүгінде жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер де жауапкершіліктен тыс қалып отыр.

«Было бы смешно, если не было бы грустно», – деп түйіндеді журналист.

Айта кетейік, бұл мәселе әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button