Жаңалықтар
Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

49 жасында қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды, деп хабарлады qandastar.kz
Мамыр айының басында Диас Ахметшәріп Ақтауда ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған кең көлемді инсульт диагнозын қойып, ол комаға түскен болатын.
Диас Ахметшәріп өзінің журналистік мансабын 1997 жылы «Қазақ радиосында» бастаған. Кейін «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып жұмыс істеді. Ол «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры атанып, Insport телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды. 2003–2007 жылдар аралығында ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметін басқарды. Соңғы жылдары Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі болды.