Әлем жаңалықтарыМәдениет

Журналист: “Қазақтуризм” Димаштан пиар жасағанша, алдымен туристік орындарды дамытып алсын

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы мен Бозжырада клип түсіріп жатыр. Бұған қатысты журналист Диас Нұрақын мынадай пікір білдірді, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Айтуынша, осы арқылы әншінің әлемдегі миллиондаған фанатын Қазақстанды көруге шақыру, туризмді дамыту көзделген. Бірақ бір кемшілік бар.

“Шетелдіктерді шақырмас бұрын Көлсай мен Қайыңдыдағы жабайы туризмді жою керек. Аптаның жеті күнінде ығы-жығы болып жататын тау басындағы “барахолканы” қонақтарға көрсету ұят. Цивилизация жоқ. Тамақ ішетін орындар аз. Гостиничный номер жетпейді. Ең қызығы қытайдан топырлап келетін туристерді таблетка уазикпен Қайыңдыға бір апарып келсең, екінші біздің елге аяқ баспайтын болады.

Ал, Бозжыраға барып, күнге қақталып, шаңға шашалған шетелдіктің көңілі түсуі мүмкін. Өйткені онда отырып шәй ішетін, аяқ созып демалатын жер жоқ. Турист тек суретке түсуден зерігеді. Сондықтан сервисті дамытып алайықшы. Қазақтуризм Димаштың атын пайдаланып пиар жасағанша, туристік орындарды дамытып алғаны абзал”, – деп жазды ол фейсбук парақшасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close