Әлеуметтік желіде журналист Гүлбану Әбенованың министрге қатысты жазбасы қызу талқыланып жатыр. Журналист өз постында ұшақтағы жағдайға байланысты қоғамда туындаған реакцияны мысқылмен жеткізіп, бұл оқиғадан кейін кейбір қолданушылардың министрді «аспан періштесі» деп дәріптегенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
Әбенова өз жазбасында ДСМ министрі Ақмарал Әлназароваға «голливудтық сценарийлерден кем түспейтін» түрлі мадақтаулардың пайда болғанын тілге тиек етіп, оған қатысты жеке ойын бөлісті. Журналист бұл жағдайды отандық пиар мен саясаттағы жасанды драматургиямен салыстырып, мұндай оқиғалардың жиі қайталанатынын атап өтті.



