Жаңалықтар

Журналист өткенге құрмет танытып, 18-желтоқсанға дейін той тойламауды ұсынды

Журналист Оңғар Қабден әлеуметтік желідегі парақшасында 18 желтоқсанға дейін шырша орнатпау және жаңа жылдық банкеттер мен кештер өткізбеу туралы бастамаға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады  qandastar.kz.

«18 желтоқсанға дейін бүкіл Қазақстан бойынша Жаңа жылдық банкеттер мен кештерге тыйым салу қажет! деген ба?» – деп жазды ол.

Жазба астында пікір қалдырғандардың бір бөлігі бұл ұсынысты қолдап, расымен де жаңа жылдық іс-шараларға уақытша шектеу қою керек деген ойларын білдірсе, енді брі керісінше бұл пікірге мүлдем қарсы шыққан.

«Неге? Әсіресе балалар асыға күтетін қиял-ғажайыпқа толы шырша, жаңа жыл мерекесіне желтоқсан оқиғаларының қатысы қанша? Бұл оқиғаларға тригер болған жаңа жыл, не шырша емес қой?», «жаңа жылды «біреудің мерекесі» деп қабылдауды доғару керек. «Жаңа жыл мерекесін қарияша ойлауды қойған жөн. Бұл орктардың мерекесі емес, бұл – әлем бойынша жыл басы», – деп жазды кейбір оқырман. Олар мерекені шектеудің еш логикалық негізі жоқ екенін жазған.

Енді бірі «Жылда айтамыз, жылда жырлаймыз. Тыңдар құлақ жоқ. Тоқтатса тек Тоқаевтың пәрмені тоқтатар, әйтпесе әкім-қараларға екі қойың бір сом», – деп жазды.

Back to top button