Әлем жаңалықтары

Журналист: Түркияда қайырымдылықпен тек арнайы қорлар ғана айналысады

Фото: ашық дереккөз
Журналист Данияр Есен қайырымдылық қорларына қатысты халықаралық тәжірибені бөлісті, деп жазады qandastar.kz
«Түркияда жер сілкінісі кезінде сол елде болдым. Аланиядағы қазақтар халықтан ақша жинады. Екі банктің картасын көрсетті: қазақстандық банк және Түркия банкі. Қызықтың бәрі осы жерде басталды. Түркия картасына да халық ақша аударды.
Карта иесіне кешке қарай полиция келіп, сұрақ-жауаптың астына алыпты.
– Сіздің картаңызға көп ақша түсе бастады. Неліктен? – деп сұраған ғой.
Біздің жергілікті қазақ:
– Көмек ретінде ақша жинап жатырмыз, – деп жауап берген.
Сонда Түркия полициясының өкілі:
– Бізде олай ақша жинауға рұқсат жоқ. Қайырымдылықпен тек арнайы AFAD ұйымы ғана айналысады. Егер тоқтатпасаңыз, елден шығарамыз, – деп ескертіп кеткен.
Сөйтіп, Түркия банкінің картасына ақша жинау тоқтатылды. Қазақстан картасына жалғаса берді.
Жалпы, Түркияда жеке адамдар халықтан ақша жинай алмайды. Тіпті, Бурак Өзчивиттің өзі.
Қайырымдылықпен тек арнайы қорлар ғана айналысады. Қорға түскен 1 тиынның өзі сайтта онлайн көрсетіліп отырады. Минут, секундына дейін. Және қайда жұмсалғаны да бәрі – халықтың назарында, онлайн», – деп жазды журналист.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close