
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстандық танымал журналист Ләйла Сұлтанқызы қазіргі жастардың батылдығына тәнті болғанын жазады, деп хабарлайды qandastar.kz.
Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қаласы, Келес және Абай облыстарында «Заң мен тәртіп» тақырыбында өткен кездесуде жас педагогтар сала мамандарына сауал жолдап, пікірлерін жеткізген. Ләйла Сұлтанқызы «Неге түнде көшеде жүрген балаларға мұғалім жауап беру керек?», «Мұғалімдердің жеке өмірі қайда қалды?», «Неге құзырлы орган өкілдері мұғалімдерден сұрайды? Ата-ана жауапкершілігі қайда?» деп шырылдаған жас мамандардың батыл пікіріне риза болғанын жасырмады.
– Жас маманның жеке ойы. Рас, мұғалімдердің дәрежесі қашанда биік болуы тиіс. Президентіміз айтқандай: «Мемлекеттің міндеті – мұғалімнің қоғамдағы беделін және мәртебесін мейлінше арттыру» Оңтүстік. Шымкент. Келес. Абай. «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті, – деп жазды журналист.
Желі қолданушылардың көпшілігі ұстаздардың жан айқайын жеткізгендей. «Кейде ойлаймын, ата ана баласын мұғалима үшін туатын сияқты», «Қоғам біртүрлі, балаларына мұғалім жауапты, денсаулықтарына дәрігер жауапты. Сонда біреу үшін өмір сүруге келді ме?», «Жарайсыңдар жастар. Қазіргі жастар ойын ашық жеткізеді ғой», «Көшеде жүрген балаға мұғалім емес ата-ана жауап береді», «Қазіргі ата-аналар балаларына ҚОЙ, ТЕК демейді, баласының сөзін сөйлеп шыға келеді. Бәріне әке шешелері кінәлі, Мұғалім емес» деп жарыса жазды.