Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

10 жылда әлемдегі инвестициялық стратегия қалай құбылады?

Журналист Нұрмұхамед Байғараев Telegram парақшасында JPMorganChase банкінің әлемдік инвестициялық стратегиясы туралы жазды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Оның хабарлауынша, АҚШ-тағы және әлемдегі ең ірі банктердің бірі алдағы 10 жылда 1,5 триллион доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр. Банк негізгі 4 бағытты таңдаған, олар ары қарай 27 саланы қамтиды:

  • Озық технологиялар – робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар.
  • Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі – жаңа байланыс жүйелері, мүлде жаңа дрондар.
  • Энергетикалық тәуелсіздік – күн, атом энергиясы, жаңа батареялар.
  • Стратегиялық технологиялар – жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу.

Байғараевтың айтуынша, бұл салалардың көпшілігі әлемдік қауіпсіздік пен технологиялық даму тұрғысынан маңызды. Сонымен қатар, олар 4–5 жылда дамыған елдер үшін аса қажет секторға айналмақ.

«Банк тек пайда табу үшін ғана емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да бұл бағыттарға инвестиция салмақ. Бұл құжаттар мемлекет үшін экономиканы қай бағытта дамыту керек екенін көрсететін дерек болып табылады», – деді журналист.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button