ЖаңалықтарМәдениет

Жүрсін Ерманға «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді

Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын әрі қоғам қайраткері Жүрсін Ерман мемлекет алдында сіңірген ерен еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлыққа сәйкес, қаламгерге «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

Бұл мәртебелі марапат ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін табысталды.

Құрметті атақ ақынның 75 жылдық мерейтойына орай салтанатты жағдайда тапсырылды.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман бұған дейін де мәдениет пен руханият саласындағы еңбегі үшін жоғары бағаланып,
• «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленген,
• Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығын екі мәрте алған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button