Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Жұрт трансгендер деп шулаған Иман Хелиф финалға шықты
Фото: news.sportbox.ru
2024 жылғы Париж Олимпиадасында Алжирден келген Иман Хелиф 66 кг салмақ бойынша бокстан финалға шықты, – деп жазады qandastar.kz.
Бұл туралы Париж Олимпиадасының ресми сайты хабарлады.
Жартылай финалда Хелиф таиландттық Джанжай Суваннафенгті 5–0 есебімен жеңді.
«Ол әйел адам. Соған қарамай өте мықты. Мен шапшаңдығымды пайдаланып, жеңіп кетпек болдым. Бірақ ол өте мықты қарсылас болды», – деді Суваннафенг.
Хелифтің финалға шығар жолы оңай болған жоқ. 1/8 финалда итальяндық Анджела Карини рингте жылап, шайқасты жалғастырудан бас тартты. Төртінші финалда алжирлік спортшы венгриялық Анна Луцу Хамориді 5–0 есебімен жеңген болатын.
Бірақ рингтен тыс жерде Хелифке қатысты гендерлік мәселе дауы бүкіл әлемнің назарын аударды. 2023 жылы Халықаралық бокс федерациясы (IBA) Хелиф пен тайваньдық Линь Юйтинді Үндістандағы әлем чемпионатында гендерлік тест нәтижесіне байланысты дисквалификациялаған болатын. Бұл тесте оның ер адамның бойында болатын тестестерондары көп екені анықталды. Ал 2024 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті оған әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға рұқсат етті.
Еске сала кетсек, боксшының әкесі оның бала күнгі суреттері мен туу туралы куәлігінің суретін көрсетіп, қызы жайлы трансгендер деген даудың нүктесін қойды.