Журналист Аман Тасыған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевпен көрші тұрған қазақстандықпен сұхбат алып, желі қолданушыларының сынына қалды, деп жазады qandastar.kz.
Сұхбат барысында ол Болат Назарбаевтың мінезі қандай болғанын сұрайды. Ал сұхбат берген адам Болат Назарбаевты «ақкөңіл, керемет адам» деп сипаттайды.
Алайда пікірлер бөлімінде көптеген желі қолданушылары мұндай мақтаудың қажеті жоқ екенін айтып сынға алды.
«Бұл адам да арамтамақтың біреуі ғой дим»
«Жуындысын ішкесін қайдан жамандасын»
«Ит аяқтан ішкен адам, қожайынын жамандамайды»
«Ақша берсе кім жаман»
«Жұрттар неге бизнесімді тартып алды деп арыз айтады онда» – деген пікірлер жазды.
@talk_like #amantasygan #рекомендации #talk_like #rek ♬ оригинальный звук — AMAN TASYGAN LIVE



