Шоу бизнес

«Жығылғанымда жебемедің»: Тұңғышбай Жаманқұлов Асанәлі Әшімов туралы айтты

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты толғанысқа толы жазба жариялады, деп жазады qandastar.kz. 

Айта кетейік, Қазақстанның Еңбек Ері және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында дүние салды.

«Асқар тауымыз едің – аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын – арттарында қалдым…. Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың…Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың –  Мен кештім… Биіктігіңе пара-пар, Пенделігіңді көрдім –  Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым… Сары уайым – Сағынышқа айналдың…

Қош… Бақұл бол…», – деп жазды Т. Жаманқұлов.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button