2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ оралды. Биыл Қазақстанға келген қандастардың елдерге шаққандағы пайыздық көрсеткіші келесідей:
- Өзбекстаннан – 44,5%;
- Қытайдан – 43,6%;
- Түрікменстаннан – 4,1%;
- Монғолиядан – 3%;
- Ресейден – 2,5%
- басқа елдерден – 2,3%.
Биылғы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды, – деп жазылған министрліктің хабарламасында.



