Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелді — Үкімет

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген.

Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген.

Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады.

Аталған жағдайлардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген.

Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар.

Оның ішінде екпеден бас тарту себепті егілмегендер де бар екені атап өтілді.

Кеңес барысында қызылша бойынша сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button