Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 110 факті тіркелді — ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы қаңтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жыл басынан 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Оның ішінде 110 — сыбайлас жемқорлық.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты», — делінген мәлімдемеде.

89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.

129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді.

Анықталған залал сомасы 18 млрд теңгені құрады, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button