Жаңалықтар

Жыл сайын 15 жасқа толмаған 775 мың қыз «ана» атанады

Елде әйелдер арасындағы жүктіліктің 40 пайызға жуығы жоспарсыз орын алады. Баланы өмірге әкелу жайында саналы түрде шешім қабылдайтын жұптардың үлесі 30 пайыздан сәл ғана асады,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Отбасын жоспарлау кабинеттері жеткілікті бола тұра, статистика деректері осындай болып отыр. Бұл жайында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен айтты. Жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы тыйылмай тұр. Бұл сала әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті мәселеге айналған.

Әсіресе, жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау маңызды. Қазір елімізде бала туу жасындағы 4,7 млн-нан астам әйел бар. Ал 18 жас шамасындағы жастардың саны 7 миллионға жуық. Оның ішінде ұлдар 51%, қыздар 49%. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 15-19 жас аралығындағы 12 млн қыз «ана» атанады екен, оның 775 мыңы – 15 жасқа дейінгі жасөспірім.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close