Жаңалықтар
Жылына 15 млн теңге тапсаңыз кәсіпкер ретінде тіркелу керексіз
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұған дейін 1 млн теңге деп көрсетілген меже 15 есе ұлғайтылғанын айтады. Өзгеріс жаңа салық кодексіне енгізілген,-деп хабарлайды Qandastar.kz
«1 млн теңге жылына табыс табатын болсаңыз сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек болатынсыз. Жаңа салық шеңберінде ол шекті 15 млн теңгеге дейін көтеріп жатырмыз. 15 млн-нан аса табыс табатын болсаңыз, сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады. Сондай өзгеріс. Яғни 15 есе ұлғайтылды», – деді вице-министр