Жаңалықтар

Жылыту маусымына дайын болмаған: Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін қызметінен босатылды. Қала басшысы қызметін уақытша Мақсат Қайрешов атқаратын болды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады, деп жазады qandastar.kz

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады. Үкімет отырысында осы мәселе кезектен тыс көтеріліп, премьер-министр Олжас Бектенов қаладағы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатқанын, тексеру нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты. Ал 16 қазанда Сарандағы үйлерді мамандар қайтадан ескі қазандықтарға қосып жатқаны мәлім болды. 28 қазанда қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алғаны, ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланғаны мәлім болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close