Жаңалықтар
«Жын шығаратын» емші Кейқуат Оспанов қинаған қыз небәрі 5 жаста болып шықты
Фото: скрин видео
Қыздың анасы емшіні қорғап, видеоүндеу жасаған, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Әйел қызының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтып, емшіге алғысын жаудырып отыр.
«Қызымның жасы бесте. Кейқуат ағаға өзім алып бардым. Ол кісіні Instagram-нан көріп қалдым. Өзім расымен де халық емшісін іздеген едім. Қызым кішкентай болғанымен, өзіне жараспас қылықтары болған соң, уайымдап, қызымды апарып жақсылап қаратып жіберейін деп өз еркіммен алып бардым. Ол кісі ешқандай зорлық-зомбылық көрсетпей, көз алдымда әдемілеп сүре оқып, қарап берді. Қызым өте жақсы», – дейді қыздың анасы.
Әйелдің айтуынша, ішідегі «жынын шығаруға» келген клиенттің саны 200-ден асады.
«Өте көп адам кезекте тұрды. Ішінен жын шығарған қаншама адамды көрдім», – дейді әйел.
Естеріңізге сала кетсек, Кейқуат Оспанов Алматы облысындағы Шалқар ауылынан келген әйелдің кішкентай қызының ішінен «шайтан шығармақ болып» қинаған.