Ақтаулық бойжеткен Қалия Оңболсынова 11 жасында үш ауыр отадан өткен. Клиникалық өлімді бастан кешкен және жүрегіне бірнеше рет аппарат орнатылған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Іnstagram желісіндегі bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Туа біткен жүрек ақауы мен өмірлік сынақтарға қарамастан, ол өмірдің әр сәтін бағалап, қиындықтарға мойымауды үйренді. Қалия ота кезінде оянып қалған қорқынышты сәттерін, өлім аузында өткен айларды, тылсым құбылыстар мен жындармен кездескенін де бөлісті.
Айтуынша, кейін имамдардан көмек алған соң жағдайы тұрақталған.



