Жаңалықтар
“Жыныстық әрекет жасамақ болған”. Келініне қол жүгірткен ер адам жұртты шошытты

Ташкент қаласында келініне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған ер адам ұсталды, деп жазады Qandastar.kz ақпараттық порталы Nova24 басылымына сілтеме жасап.
Nova24 басылымының хабарлауынша, оқиға Янгихаёт ауданында болған. 49 жастағы ер адам ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Бір күні ол өз келініне қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған.
Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдіріп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берген.
Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 41-1-бабы (Жыныстық қолайсыздық көрсету) бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.