Жаңалықтар

Бюджет есебінен тұрғын үй құрылысын қаржыландыру ережелері өзгерді

Фото:Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м. а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығымен республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды немесе сатып алуды қаржыландыру, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, ҚР азаматтарына тұрғын үйді сату қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды   qandastar.kz   -ке сілтеме жасап.

Ереже тармақтарының бір бөлігі жаңа редакцияда жазылды.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар үшін республикалық бюджет есебінен тұрғынжайдың жалпы алаңының бір шаршы метрін таза әрлеуде қаржыландыру (инженерлік желілердің құнынсыз) тұрғынжай салу және (немесе) сатып алу үшін әрбір өңірдің жекелеген шығыстар мен шығындарға құрылысты ұйымдастыруға және басқаруға арналған нормативтік шығындарды, сметалық пайданы және күтпеген жұмыстар мен шығындарды ескере отырып, ағымдағы жылға бекітілген ғимараттар мен құрылыстар салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ҚҚІК) жинақтарында көзделетін тиісті қабаттағы ірі панельді тұрғын үй бойынша ҚҚІК-тің 70%-ы мөлшерінде айқындалады.

Реконструкцияланған көпқабатты тұрғын үйлерден тұрғынжайларды сатып алу кезінде республикалық бюджеттен қаржыландырылған жағдайда Тұжырымдама шеңберінде 1 (бір) шаршы метрге жаңа тұрғын үй салу (сатып алу) құнынан 60% – нан аспауы тиіс.

Бұл ретте тұрғын үйдің 1 (бір) бірлігінің нысаналы индикаторын есептеу үшін пәтердің орташа ауданы 60 ш. м. қабылданады.

Қаржыландырудың белгіленген шектерінің құны асып кеткен кезде шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ЖАО жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келетін жобалар бойынша әлеуметтік мақсаттағы объектілердің (балабақшалар, балалар шағын орталықтары, медициналық ұйымдар және т.б.) құрылысын қаржыландыруды көздейтін болады.

Жеке құрылыс салушы коммерциялық алаңдардың құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді қамтамасыз етеді.

Жер заңнамасы шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін бюджет қаражаты есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған берілетін жер учаскелерін жеке құрылыс салушыларға беруге жол берілмейді.

Тұрғын үйді тек бастапқы нарықта немесе үлестік құрылыспен салынған тұрғын үйлерден сатып алуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту шеңберінде пайдалануға берілген тұрғын үйлерді және жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар салған 6 (алты) айдан кешіктірілмей пайдалануға берілген аз қабатты үйлерді сатып алуға рұқсат етіледі.

Аудандар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар бойынша қаражат кезекте тұрғандар санына сәйкес пропорционалды бөлінуге тиіс.

Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, көп қабатты тұрғын үйде 50%-дан аспайтын тұрғын үй сатып алуға жол беріледі.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар үшін тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының бір шаршы метрін таза әрлеуде МБҚ есебінен қаржыландыру (инженерлік желілердің құнынсыз) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салу және (немесе) иелену, сатып алу әрбір өңір үшін жекелеген шығыстар мен шығындарға құрылысты ұйымдастыруға және басқаруға арналған нормативтік шығындарды, сметалық пайданы және күтпеген жұмыстар мен шығындарды ескере отырып, ағымдағы жылға бекітілген ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинақтарында көзделетін тиісті қабаттағы ірі панельді тұрғын үй бойынша ҚҚІК-тің 80% мөлшерінде айқындалады. Қалған бөлігі жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылады.

Астана, Алматы және Шымкент қалалары өткізудің баға параметрін кредиттік тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрін сатуды 100% – ға дейінгі мөлшерде айқындайды, облыстар үшін әрбір өңір үшін қосымша сметалық есептер ескере отырып, жеке шығыстар мен шығындарға құрылысты ұйымдастыруға және басқаруға арналған нормативтік шығындарды, сметалық пайданы және күтпеген жұмыстар мен шығындарды ескере отырып, не қолда бар соңғы есепті кезеңдегі орташа құны негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша жаңа тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрінің ең төменгі құнына сүйене отырып уәкілетті орган жыл сайын бекітетін ғимараттар мен құрылыстар салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинағында көзделетін, тиісті қабаттағы ірі панельді тұрғын үйдің ҚҚІК-сінің 80%-ы мөлшерінде айқындалады.

Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, көп қабатты тұрғын үйде 50%-дан аспайтын тұрғын үй сатып алуға жол беріледі.

Бұл ретте тұрғын үйді тек бастапқы нарықта немесе үлестік құрылыспен салынған тұрғын үйлерден сатып алуға рұқсат етіледі.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстарда ірі панельді тұрғын үй үшін қоса алғанда 5 қабатқа дейін немесе 5 қабаттан асатын ірі панельді тұрғын үй үшін тиісінше 5 немесе 9 қабатты ірі панельді тұрғын үй үшін бекітілген ҚҚІК пайдаланылады.

Қаржыландырудың белгіленген шектерінің құны асып кеткен кезде шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылады.

Тұрғын үй сатып алу кезінде ЖАО «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес тұрғын үйдің бөліп берілетін алаңын жоспарлайды.

ЖАО-да кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай оператор Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, қалалық елді мекендерде жеке құрылыс салушыларды кешенді салу жобалары шеңберінде тұрғын үй құрылысын, сондай-ақ қалалық елді мекендерде, оның ішінде Астана және Алматы қалаларында жеке құрылыс салушылар қайта құру аудандарын кешенді салу жобаларын қаржыландырады.

Кешенді тұрғын үй құрылыс жобаларын іске асыру тәртібі мен шарттарын олардың рентабельділігі мен қаражаттың қайтарымдылығына қарай Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарына сәйкес Біріңғай оператор айқындайды.

Бұл ретте кешенді тұрғын үй құрылыс жобаларын қаржыландыруға өтінімдер беру Бірыңғай оператордың ақпараттық ресурсында электрондық түрде жүзеге асырылады

Бірыңғай оператор кешенді тұрғын үй құрылыс жобаларын, сондай ақ қайта құру аудандарының кешенді тұрғын үй құрылыс жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің хаттамалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімдері шеңберінде бөлінген қаражат есебінен және (немесе) қаражатты араластыру құқығымен ішкі және (немесе) халықаралық капитал нарықтарында тартылатын нарықтық қаражат есебінен мынадай шарттарда қаржыландырады:

  • араластыруды ескере отырып, сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі – қаржыландыру көздеріне байланысты бірыңғай оператордың ішкі құжаттарымен айқындалады, бұл ретте жоба бойынша сыйақы мөлшерлемесі қаржыландыру құнынан кредиттік желі ашу және облигациялық қаржыландыру кезінде 3%-дан, ал шартты қаржыландыру кезінде екінші деңгейлі банктер үшін 5%-дан аспауы тиіс;
  • қаржыландыру мерзімі – Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарында айқындалады, бірақ 36 айдан аспайды;
  • негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу жөніндегі жеңілдікті кезең – Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарына сәйкес, құрылыс мерзімі аяқталғанға дейін жеңілдікті кезең беруге жол беріледі;
  • нысаналы мақсаты – аумақты егжей-тегжейлі жоспарлаудың бекітілген жоспарына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаға (оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары, авторлық және техникалық қадағалау) сәйкес кешенді тұрғын үй құрылыс аумағында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

Бірыңғай оператор кешенді тұрғын үй құрылыс салу жобасы оның ішінде аудандарды кешенді тұрғын үй салу жобасын жаңарту шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды Бірыңғай оператордың ішкі құжаттарына сәйкес төлемділік, мерзімділік, және қайтарымдылық шарттарында ұлттық валютада мынадай тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен жүзеге асырады:

  • кредиттік желі;
  • облигациялық қаржыландыру;
  • екінші деңгейдегі банктер арқылы шартты қаржыландыру.

Кредиттік желі арқылы қаржыландыру жағдайында кепілмен қамтамасыз ету бөлігінде қосымша талап қолданылады.

Бұйрық 2025 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close