Жаңалықтар

Дженнифер Лопестің концертіне билет қашан сатылады?

Фото: ашық дереккөз

Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне билет қашан сатылатыны белгілі болды, деп жазды qandastar.kz

Билеттер 11 сәуірде сағат 11:00-де сатыла бастайды.

Бір адамға ары кетсе, төрт билет қана сатылады.

Билет бағасы — 40 — 150 мың теңге арасында болады.

Ал сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеден болады.

Концерт билеттері Freedom Ticketon сайтында сатылады.

Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопес 1 тамызда Астанада концерт береді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close