Жаңалықтар

Геннадий Головкин ҰОК-та 20-25 млн теңге жалақы алады – Бақтияр Артаев

Фото: Olimpyc.kz

Ал, Александр Винокуров 100 мың еуро алып келген.

Биыл ақпан айында Ұлттық Олимпиада комитетіне президент болып сайланған даңқты боксшы Геннадий Головкиннің жалақысы құпия сақталып келген еді. Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Уақыт көрсетеді»YouTube-каналына сұхбатында бұл соманың шамамен 20-25 миллион теңге болатынын айтты.

«Нақты білмеймін. Бірақ 20-25 миллион теңге көлемінде жалақы алады деп естідім», – дейді Бақтияр Артаев.

Ол осы ретте бірнеше жылдан бері «Astana Pro Team» велокомандасының менеджері Александр Винокуровқа 100 мың евро төленіп жүргенін де тілге тиек етті.

Айта кетейік, Ұлттық Олимпиада комиетін Головкинге дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарып келген болатын. Оның қанша жалақы алғаны белгісіз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close