Жаңалықтар
Жамбылда бес баланың анасы жеті жыл алимент төлемеген

Фото: ашық дереккөз
Шу ауданындабес баланың анасы 2018 жылдан бері алимент төлемей, қарызы 1,4 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды qandastar.kz
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның алимент төлеуге мүмкіндігі болғандығы, бірақ төлемегені анықталды.
Сондай-ақ, борышкердің меншігінде үйі және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі болған.
25.02.2025 жылы тараптардың өзара келісімі бойынша аталған үй алимент берешегін өтеуге берілді.
Қол жеткізілген медиативтік келісімге сәйкес борышкер алиментті тұрақты түрде төлеуге міндеттенді.