Қаржы және төлемдер

1 доллар 500 теңге: теңге құлдырап барады

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк теңгенің әлсірегені туралы алғаш рет пікір білдіріп, зейнетақы қоры үшін KASE биржасында долларды сатып алу тоқтатағанын хабарлады, деп жазады qandastar.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең айырбастау бағамында бір доллар 500 теңгеге жуықтады.

Ұлттық банк шетел валютасына сұраныстың көбеюіне бюджет шығыстарының артуы, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға жұмсалатын шығындар себеп деп есептейді. Екінші жағынан, Ұлттық қор аударымдары да бар деп түсіндіреді.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, активтер құнының өсуі аясында зейнетақы қорының валюталық үлесін 40 пайызға ұлғайту жөніндегі міндет қазірдің өзінде орындалғанын айтты.

Соңында Ұлттық банк айтарлықтай құбылмалылық байқалған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізілетінін жеткізді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close