Жаңалықтар
1 шілдеден бастап шетелдіктердің келу мерзімі қысқартылады
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Шақыру құжаттары және виза беруді рәсімдеу тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі. (СІМ мен ІІМ жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына сәйкес).
Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келуі үшін шақыру құжатын беру мерзімі қысқартылды. Қазақстан Республикасына виза алатын адамның болжалды келетін күніне дейін 5 жұмыс күні қалғанға шақыру құжатын беруге болады. Бұрын бұл мерзім 14 күн болған.
Шақыру құжатында шетелдіктің Қазақстанда тұратын жерінің мекен-жайы және қозғалу маршруты көрсетіледі. Сонымен қатар шақыру құжатында Қазақстан Республикасының белгілі бір елді мекеніне сәйкес әкімшілік-аумақтық объектінің классификаторының коды (КАТО) көрсетіледі, оныhttp:///kodeksy-kz.com/klassifikatory/kato.htm сілтемесі бойынша табуға болады.
Қазақстан визасының бар болуы шетелдікті көші-қон органдарына барып тіркелуден босатады, себебі оның тұратын орны және қозғалу бағыты шақыру құжатында көрсетіледі.
Сондай-ақ қолданыстағы визаны ұзарту үшін құжаттар тапсыру мерзімі өзгертілді. Қолдаухаттар отыз жұмыс күн бұрын және қолданыстағы виза мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі