Жаңалықтар

103 жастағы кейуананы ақтық сапарға ақша шашып шығарып салған

Желіде марқұмды ақтық сапарға шығарып салған видео тарады, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы. 

Кадрлардан жиналғандардың ақша шашып жатқанын көруге болады. Ал видео авторы әжесінің 103 жасқа келіп, қайтыс болғанын жазды.

«103 жасқа келіп, біз де осылай абыроймен кетуді бұйырсын», – деп жазды видео авторы.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұны бұрыннан бар ғұрып десе, бірі «қазаның аты – қаза» дейді.

«103 жасқа келсе де, адам өлімі болып жатыр ғой, ақша шашып не көрінді», «Кешір, Алла, беташар болып жатыр екен деп ойлап қалдым ғой», «Мен қарсымын, 200-ге келсе де, әкең, шешең, қимайсың ғой», «Той ғой, бәрімізге бұйырсын», «Ел есінен ауысайын деген екен», – деп жазды желі қолданушылары.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close