Жаңалықтар

12 жасар қызға ұятсыз хабарламалар жіберген қазақстандық 7 жылға сотталды

Фото: Pixabay.com

Алматыдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы оқушы қызға әдепсіз әрекеттер жасаған ер адамға үкім шығарды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам Астанада жүрген кезінде Telegram мессенджері арқылы Алматыдағы гимназиялардың бірінде 6-сынып оқитын қызбен танысқан. Мұны тергеу барысында Медеу аудандық прокуратурасы анықтады.

«Ер адам видеобайланыс арқылы интимдік сипаттағы рұқсат етілмейтін әдепсіз әрекеттерді жасаған», – делінген хабарламада.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі “Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру” бойынша кінәлі деп таныды.
«Ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасына кесілді», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салсақ, Абай облысында оқушы қызды зорлаған мұғалімөмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close