Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз
Қарағандыда 12 жасар өгей қызына зорлық көрсетті деген айыппен Евгений Кулагин есімді азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz
«Евгений Кулагиннің өгей қызы оны үй жұмыстарына мәжбүрлегені үшін биологиялық әкесінің кеңесімен жалған айып тағуға мәжбүр болғанын мойындаған. Бастапқыда жүргізілген сараптамалар зорлық белгілерін растаған жоқ. Алайда полицияның талабымен қосымша сараптамалар жүргізіліп, бұл жолы зорлық белгілері анықталды деген қорытынды жасалған», – деп жазылған «Патриот» Telegram арнасындағы материалда.
Евгений Кулагиннің адвокаты Илья Махлов қыздың алғашқы күні-ақ айыптаулардан бас тартқанын мәлімдеді. Сонымен қатар адвокат тергеу барысында заңбұзушылықтар болғанын айтты.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Евгений Кулагинді 20 жылға бас бостандығынан айырды.