Жаңалықтар
«13 жыл бойы балалы бола алмаған»: әнші Балжан Бидаш кішкентай қыздың тұсауын кесті

Әнші Балжан Бидаш Ақтауда кішкентай қыздың тұсауын кесті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Балжанға бүлдіршіннің анасы өтініш айтқан.
«Ақтауға қош келдіңіз! Сізге қызымның тұсауын кестіріп алайыншы. 13 жыл балалы бола алмай, Алла Тағаланың мейірім түсіп 13 жылдан кейін тапқан Бағым қызым», — дейді баланың анасы.
Әнші болса, жанкүйерінің өтінішін жерге тастамаған.
«13 жыл бойы жүрекпен күткен періште. Көзіндегі жасы да, күлкісі де — өмірдің шынайылығы. Әр басқан қадамы берекелі, бағы ашық болсын, балапан! Ақтаудағы мейірім мен махаббат үшін рақмет!», — деп жазды Балжан Бидаш.