Жаңалықтар

«17 жастағы жасөспірімнің өлімі қайталанады»: Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындары кең тараған әлімжеттікті жоюды сұрайды

Фото: Lada.kz/ foto-planeta.com

Маңғыстау облысы Ақжігіт ауылының тұрғындары Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Еркебұлан Ізкеновке ашық хат жазды. Олар оқушыларды ұрып-соғып, қорқыту белең алғанын айтып дабыл қақты. Бұл туралы qandastar.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақжігіт ауылының тұрғындары елдімекенде әлімжеттік жойылмаса, 17 жастағы жеткіншектің өлімі қайталануы мүмкін деп қауіптенеді.

Тұрғындардың сөзінше, бір топ адам мектеп оқушыларын қорқытып, ақша бопсалайды. Студенттер де қорқып, жеке тапсырмаларды орындауға мәжбүр дейді. Оған келіспегендерді ұрып-соғып, қорқытады. Бұл фактілерді жасыру қайғылы жағдайға әкелді дейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close