Жаңалықтар

«180 миллион теңге сұраған»: Ұсталған экология департаментінің басшысына қатысты жаңа дерек пайда болды

Фото: ашық дереккөз

ШҚО-да автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде пара алған экология департаментінің басшысына қатысты жаңа дерек пайда болды. Ол қамқорлығы үшін 180 миллион теңге сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше жасырын іс-шараның нәтижесінде «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталған.

“2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 миллион теңгенің 8,5 миллион теңгесін, параның бір бөлігі ретінде алған Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы әшкереленді.

Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары берген. Оған осы ақша үшін жалпы қамқорлық көрсетіп, экологиялық заңнаманы бұзуға жол берілген. Лауазымды тұлға мен компания басшысы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Осы тұста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерін тек құқықтық негізде шешуге шақырады.

Себебі соңғы 3,5 жылда агенттік 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркелген. Олар бойынша залал шамамен 9 миллиард теңгені құраған.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстанның бас экологы 10 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close