Жаңалықтар

2 жасар бала әкесінің тапаншасымен ойнап отырып, анасын атып өлтірді

Бразилияда екі жасар бала әкесінің тапаншасымен ойнап отырып, абайсызда анасын атып өлтірді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Оқиға Риу-Верде-ди-Мату-Гросу қаласында болған.

Екі жасар бала үстел үстіндегі қараусыз қалған 9 мм калибрлі Glock тапаншасын қолына алған. Сол сәтте ата-анасы үйдің маңында сөйлесіп тұрған. Бірнеше секундтан кейін сәби шүріппені басып жіберген, оқ 27 жастағы әйелдің қолы мен кеудесіне тиіп, ауыр жарақаттаған.

Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазір марқұмның күйеуі, қарудың заңды иесі ретінде «абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша айыпталып отыр. Құқық қорғау органдары тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі. Қазіргі уақытта баланың әкесінің қолында қала ма, әлде мемлекет қамқорлығына беріле ме деген мәселе талқыланып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close