Жаңалықтар

200 күн түрмеде отырған 16 жасар бала ақталды

Фото: Orda.kz

Өзін-өзі қорғағаны үшін сотталып, түрмеде 200 күн өткізген 16 жастағы Эмиль Трапезников ақталды, деп жазады qandastar.kz   Orda.kz-ке сүйеніп.

6 қарашада Жоғарғы сот Эмильді толық ақтап шығарды, сол күні кешке ол туыстарының ортасында болды. Жасөспірім сабырлы әрі сергек көрінді, алайда оның көзінен 16 жастағы баланың күрт есейгені байқалды.

 

«Мен үшін қамауда өткізген осы 6 ай жақсы сабақ болды. Енді бірдеңе істемес бұрын мұқият ойлану керек екенін түсіндім», – деп Эмиль сәл жымиып айтты.

Оның айтуынша, ол болған мекемелерде (екі тергеу изоляторы және кәмелетке толмағандарға арналған колония) жағдай аса нашар болмаған. «Абайсызда кісі өліміне себеп болу» бабы бойынша 1 жыл 6 ай жазасын өтеуі керек болған жерде арнайы күн тәртібі бойынша күн өткізген екен. Сонымен қатар, бос уақыттарында теледидар көріп немесе PlayStation ойнауға мүмкіндік болған.

«Эмиль басынан кешкендерді оңайлықпен ұмыта алмайды. Ол мұны өмір бойы есінде сақтайды. Қазір біз оны психологқа баруға көндіргіміз келеді, себебі оның бойында әлі де қобалжу бар», – деді Эмильдің қорғаушысы Рена Керимова.

Сондай-ақ, адвокаттардың айтуынша, мемлекет кәмелетке толмаған Трапезниковтың моральдық азабын өтеп беруі тиіс. Жоғарғы соттың қаулысын алғаннан кейін қорғаушылар моральдық зиян мен материалдық шығынды өтеу үшін талап арыз беруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта нақты сома туралы туыстарымен ақылдасып жатыр, ол шамамен 10–15 миллион теңге болады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close