ЖаңалықтарШоу бизнес

2026 жылы Астанада әлемдік жұлдыздардың бірнеше ірі концерті өтеді

2026 жылы елордада әлемдік деңгейдегі тағы үш-төрт ірі концерт өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы  Qandastar.kz ақпарат порталы facebook желісіндегі Астана plus  парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасеновың айтуынша, бұған дейін Астанада өткен Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys топтарының концерттері қала экономикасына ғана емес, Қазақстанның халықаралық имиджіне де айтарлықтай оң әсер еткен. Аталған мәдени шаралар шетелдік туристердің қызығушылығын арттырып, елорданың әлемдік мәдени орталық ретінде танылуына ықпал еткен.

Кездесу Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып, жаңа форматтағы жаңа жылдық қалашықтың ашылуына дайындық мәселелеріне арналды. Қалашық «Астана-Арена» стадионына жақын аумақта орналасады.

Жаңа жылдық қалашықтың ресми ашылуы 2025 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button