Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әкімдік мәліметінше, жылы аялдамалар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін орнатылады.
«Алайда түнде олар көбінесе вандализмнің нысаны болады, күмәнді адамдар орналасады және ластану көзіне айналады, бұл тұрғындардың шағымдары мен өтініштеріне әкеледі», — делінген мәлімдемеде.
Талдау негізінде аялдамалардың жұмыс уақытын сағат таңғы 5:00-ден кешкі 23:30-ға дейін болады.
Осылайша сағат 23:30-да автобус аялдамаларындағы шамдар автоматты түрде сөнеді, есіктер құлыпталады және дабыл іске қосылады.
Бұл шаралар муниципалдық меншікті қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.



